Астана қаласындағы стоматологиялық орталықтардың бірінде 20 жастағы тұрғын қайтыс болды, деп хабарлайды Malim.kz.
Бұл ақпаратты қалалық Полиция департаменті растады. Ведомствоның мәліметінше, аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Қазіргі уақытта жан-жақты тергеу жүргізіліп, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде оқиғаға қатысты түрлі болжамдар тараған. Онда науқасқа аллергиялық сынамасыз дәрі егілгені, содан кейін оның жағдайы күрт нашарлап, құрысу белгілері байқалғаны айтылған. Сондай-ақ екпені тәжірибеден өтіп жүрген маман салғаны және дәрігер тарапынан тиісті бақылау болмағаны жөнінде ақпарат жарияланған.
Ресми органдар аталған мәліметтердің барлығы тергеу барысында тексерілетінін мәлімдеді.