Танымал ақын, қаламгер Ақберен Елгезек пен оның жары, тәуелсіз журналист Дина Елгезек ата-ана атанды. Ерлі-зайыптылардың отбасында қыз бала дүниеге келді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Қуанышты жаңалықты ақын Instagram желісіндегі парақшасында өзі жариялаған. Ақберен Елгезек сәбидің дүниеге келуіне байланысты жолданған құттықтаулар мен жылы лебіздерді сторисінде бөлісіп отыр.
Желі қолданушылары мен жақындары жас отбасыға ізгі тілектерін жаудырды. Көпшілік нәрестенің бауы берік болып, ғұмыры ұзақ, болашағы жарқын болуын тіледі. Кейбір оқырмандардың жазуынша, дүниеге келген сәбиге "Айшасұлу" есімі берілген.
"Көптен күткен кішкентайларыңыздың бауы берік болсын, қуаныштарыңызға ортақпын!", "Керемет жаңалық қой!", "Ханшайымның болашағы жарқын, жасы ұзақ болсын", "Сәбидің бауы берік болсын, Дина жеңгеймен бақытты болыңыз", "Бүгінгі күннің керемет жаңалығы! Сүйікті ақынымның Айшасұлуы дүниеге келді. "Болмаған балалық шақ" деп бәріміздің жүрегімізді жылытқан жан. Бақытты балалық шақ тілеймін!", – деп ақ тілегін жаудырған онда отбасына жанашыр жандар.
