Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ата-анаға жансақтау бөлімінде баламен бірге болуға рұқсат беріледі

Денсаулық
Ата-анаға жансақтау бөлімінде баламен бірге болуға рұқсат беріледі

Қазақстанда ата-аналарға жансақтау бөлімінде балаларының жанында болуға рұқсат берілмек, деп хабарлайды Malim.kz.  

Бұған қатысты бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды. 

«Ашық реанимация» қағидаты — анестезиология және реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде балалардың тәулік бойы заңды өкілдерімен бірге болуын ұйымдастыруды көздейді, -делінген құжатта.

Осылайша «Ашық реанимация» қағидаты мүгедектігі бар, онкогематологиялық аурулары бар, паллиативтік көмекке мұқтаж балаларға, өлім аузындағы балаларға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолданылмақ. 

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, аталған стандартты енгізу балаларға анестезиологиялық және реаниматологиялық көмек көрсетуге оң ықпал етеді. Сонымен қатар теріс салдары жоқ және қосымша шығынды қажет етпейді.

  Құжат жобасы 28 ақпанға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылып отыр.

Фото: depositphotos.com

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу