freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Атырауда әйелді өлтірді деген күдікті ер адам ұсталды

Оқиға
Атырауда әйелді өлтірді деген күдікті ер адам ұсталды
Polisia.kz

Атырау облысында 42 жастағы әйелдің өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Malim.kz BAQ.KZ сайтына сілтеп. 

Бейресми мәліметтерге сәйкес, қайғылы оқиға үш жасар баланың көз алдында болған. Сондай-ақ күдікті оқиға орнынан кетіп қалып, бүлдіршін анасын жанында бір тәулікке жуық уақыт өткізгені айтылған.

Атырау облысы Полиция департаменті әйелді тұрмыстық жанжал кезінде өлтірді деген күдікпен 37 жастағы ер адамның ұсталғанын мәлімдеді.

Әйелді тұрмыстық жанжал барысында өлтірді деген күдікпен оның азаматтық некедегі 37 жастағы жұбайы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, – делінген ведомство хабарламасында.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттерінің толық кешені жүргізіліп жатыр.

Полиция тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпараттың жарияланбайтынын атап өтті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу