Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Атырауда балабақшада 4 жасар бала септикке түсіп көз жұмды

Қоғам
Атырауда балабақшада 4 жасар бала септикке түсіп көз жұмды

Атырау облысындағы балабақшаның бірінде 4 жасар бала септикке батып көз жұмды, деп хабарлайды Malim.kz.

Қайғылы оқиға Құрсай шағын ауданындағы "Чебурашка” жеке балабақшасында болды. Серуендеу кезінде төрт жасар бала кәріз шұңқырына, яғни, септикке құлаған. Қазіргі уақытта құзыретті органдар барлық мән-жайды анықтап жатыр.

Мәйітті септиктен балабақша қызметкерлері алып шыққан. Атырау облысы полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

“Кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды”, — делінген хабарламада.

Фото: pixebel

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу