Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Атырауда ер адамның мәйіті үйде үш апта жатып қалған

Оқиға
Атырауда ер адамның мәйіті үйде үш апта жатып қалған
pixabay.com

Атырау қаласындағы Береке шағынауданында, №24 үйден ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы Stan.kz жазды.

Тұрғындар мәйіт пәтерде шамамен 21 күндей жатып қалғанын айтады. Ал оның қайтыс болғанын марқұмды туысы іздеп келгенде білген. 

Көршілердің айтуынша, сол уақытта подъезді өлексенің иісі алып кетті, жағымыз әлі күнге дейін бар. Мәйіт табылғаннан кейін тұрғындар подъезді өздері тазалауға тырысқан. Бірақ мұнысынан түк шықпады.

“Иіс бүкіл подъезге тарады. Біз өз қаражатымызға адамдар жалдап, тазалаттық, хлоркамен, “белизнамен”, қолдан келгенше бәрімен жудық. Бірақ иіс бәрібір қалды. Біз маман емеспіз, мұны қалай дұрыс жасау керегін білмейміз”, — дейді көршілердің бірі.

Тұрғындардың сөзінше, оқиғадан кейін санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер немесе арнайы ұйымдар оқиға орнына келмеген, ресми дезинфекция да жүргізілмеген.

Осыған байланысты тұрғындар мұндай жағдайлардан кейін подъезд бен пәтерді санитарлық өңдеуге кім жауапты екенін анықтай алмай әлек. Пәтер иелерінің кооперативі ме, пәтер иелерінің бірлестігі ме, санитарлық қызметтер ме әлде басқа уәкілетті органдар ма?

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу