Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Атырауда массажист пен клиент арасындағы жанжал қайғылы жағдаймен аяқталды

Қоғам
Атырауда массажист пен клиент арасындағы жанжал қайғылы жағдаймен аяқталды
ашық дереккөзден

Интернетте Атырау сотында қаралып жатыр деген ақпарат тарады. Онда 30 жастағы боди-массажист әйелге клиентін өлтірді деген айып тағылғаны айтылған, деп хабарлайды azh.kz

Белгілі болғандай, оқиға жазда, әйел клиенттерін қабылдайтын пәтерде болған. Әйел мен ер адам арасында жанжал шығып, ол ер адамды пышақпен жаралаған деген болжам бар. Жәбірленуші жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмған.

Массажист әйел өзі дәрігерлер мен полицияны шақырған. Кейін оны құқық қорғау органдары ұстаған.

Облыстық соттың баспасөз қызметі бұл оқиғаға қатысты іс сот өндірісінде жоқ екенін хабарлаған.
Алайда полиция өкілдері мұндай фактінің жаз мезгілінде шын мәнінде болғанын растады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу