freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Атыраулық полицей өртеніп жатқан үйден адамдарды аман алып шықты

Оқиға
Атыраулық полицей өртеніп жатқан үйден адамдарды аман алып шықты
Видеодан скрин

Атырауда полицей шұғыл әрекет етіп,өртке оранған үйден тұрғындарды эвакуациялады, деп хабарлайды  Malim.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.  

Атырау қаласындағы М. Өтемісұлы көшесінде орналасқан тұрғын үйлердің бірінің ауласында электр желісіне тиіп тұрған ағаш бұтақтары тұтанып, өрт шыққан. Сол сәтте көшеден өтіп бара жатқан Атырау қаласы полиция басқармасының ювеналды полиция тобының инспекторы Максим Доскалиев қауіпті жағдайды байқап, бірден тұрғын үйге кіріп, адамдарды сыртқа шығарды.

Осылайша полиция қызметкерінің қырағылығы мен дер кезінде қабылдаған шешімінің арқасында тұрғындар қауіпсіз жерге эвакуацияланып, ықтимал қауіптің алдын алу мүмкін болды.

Сонымен қатар Максим Доскалиев бірден өрт сөндіру қызметін шақырып, мамандар оқиға орнына жеткенше тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, адамдарды қауіпті аумақтан алыс ұстады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу