Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ауғанстан президентінің қай елді паналағаны белгілі болды

Саясат
Ауғанстан президентінің қай елді паналағаны белгілі болды

Тәліптер билікті басып алғаннан кейін Ауғанстаннан кеткен президент Ашраф Ғанидің қай елге барғаны белгілі болды.

Ашраф Ғаниді отбасымен бірге  Біріккен Араб Әмірліктері паналатқан. БАӘ сыртқы істер министрлігі таратқан мәлімдемеде  «Біріккен Араб Әмірлігінің бұл қадамға гуманитарлық мақсатта барғаны» жөнінде айтылады.

Ашраф Ғани Ауғанстаннан тамыздың 15-і күні тәліптер Кабул қаласын қоршауға алғанда кеткен. Талибан қозғалысы Кабулды соғыссыз алған. Ғанидің өзі Facebook парақшасына «тәліптердің жеңгенін және қантөгіс болмау үшін елден кеткенін» мәлімдеп жазба жариялаған.

Осы уақытқа дейін БАҚ Ашраф Ғанидің қайда екені жөнінде түрлі болжамдар айтқан. Бастапқыда Ғани отбасымен бірге Тәжікстанға барды деген, кейіннен Өзбекстанға бас сауғалады деген ақпарат тараған.

Айта кететін бір жайт, Ауғанстанда 1996 жылы тәліптер билік басына келгенде оларды алғашқылардың бірі болып Сауд Арабиясы мен Пәкістанмен қатар Біріккен Араб Әмірліктері мойындаған.

Фото: myseldon.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу