Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ауыр атлеттерге қасақана допинг ішкізген Алексей Ни жазаланды

Спорт
Ауыр атлеттерге қасақана допинг ішкізген Алексей Ни жазаланды

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Алексей Ни ауыр атлеттерге қасақана допинг ішкізгені үшін жазаланды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бапкер өмірінің соңына дейін спорттан шеттетілді. Халықаралық олимпиада комитетінің бастамасымен 2017 жылы құрылған Тестілеу жөніндегі халықаралық агенттік (ITA) осындай шешім қабылдады.

Бұрынғы бас бапкер Илья Ильин, Светлана Подобедова, Зульфия Чиншанло, Майя Манеза және Ниджат Рахимовтарға допинг берді деген айып тағылды. ITA-ның соңғы шешімі осындай болды. 

Сол уақытта құрамада аға бапкер қызметін атқарған Алексей Нидің бауыры Виктор төрт жылға спорттан шеттетіледі. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу