Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Азаматтардың өтінішін қарау үрдісіне сын айтылды

Қоғам
Азаматтардың өтінішін қарау үрдісіне сын айтылды
ШҚО әкімі Нұымбет Сақтағанов кеңейтілген жиында. © ШҚО әкімдігі таратқан видеодан скриншот

ШҚО әкімдігінде азаматтардың өтініштерімен жұмыс бойынша 10 айдың қорытындысы жасалды. Өтініштердің өсуі - халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін көрсетеді. 10 айда барлығы 35 мыңдай өтініш түскен екен.

 Алайда бұл көрсеткіш жергілікті қызметтердің жұмысындағы әлсіз тұстарды да айқындап берді. 

Кеңейтілген жиында облыс басшылығы Риддердегі жағдайды, туризм мен инвестициялық саясаттың даму қарқынына сыни баға берді.

Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың айтуынша, өтініштердің көп болуы – халықтың сенімі. Бірақ әр өтініштің артында – жай хат алмасу үшін емес, нақты көмекті күткен адам тұр.

Облыс басшысы азаматтардың өтініштеріне жауап беру жұмысы әлі де ақсап тұрғанын атап өтті. Тұрғындардың жылдар бойы өз мәселелерін шеше алмай жүргеніне қатысты нақты мысалдар келтірілді. Әкім мұндай жұмыс тәсілінің ақылға сыймайтынына нұсқады. Адамдар алдымен жергілікті органдарға жүгінеді, ал жауап болмаған соң облыстық деңгейге шығуға мәжбүр болады.
Әкімнің айтуынша, бұл жағдай халықтың тым белсенділігін емес, жергілікті деңгейдегі кейбір лауазымды тұлғалардың жұмысының тиімсіз екенін көрсетеді.

- Формалды көзқарасқа жол берілмейді. Азаматтар жылдап мәселесін шеше алмай жүрген нақты мысалдар келтірді. Мұндай жағдай болмауы керек, –

деді ол жиында.

Ерекше назар Риддер қаласына аударылды. Облыс әкімдігінің мәліметінше, Риддерде азаматтарды қабылдау деңгейі мен халықпен тікелей байланыс күрт төмендеген. Бұл - алаңдатарлық жағдай. Риддер басшылығына жұмысты қысқа мерзімде қайта қарап, тұрғындармен жүйелі диалогты қалпына келтіру тапсырылды. Нұрымбет Сақтағанов мемлекеттік аппараттың жұмысы есеп үшін емес, нақты мәселені шешу үшін жүргізілуі қажет екенін баса айтты.

– Біз есеп үшін емес, адамдардың нақты проблемаларын шешу үшін жұмыс істеуіміз керек. Бұл принцип мемлекеттік органдардың тиімділігін бағалаудың негізгі өлшеміне айналады, –

деді облыс әкімі.

Жиында туризмді дамыту және инвестициялық саясат та жеке блок ретінде қаралды. Облыс басшысы бірінші орынбасар Жақсылық Омар ұсынған туризм жөніндегі мастер-жоспардың сапалы рәсімделгенімен, нақты орындау тетіктері, мерзімдері және жауапты адамдар көрсетілмегенін атап өтті.

– Туризм бойынша ұзақ роман сияқты құжат дайындалған. Бізге нақты, қысқа, басқарушылық тұрғыдан тиімді құжат керек. Туристік кластерді дамытуға нақты әсер ететін жоспар қажет, –

деді Нұрымбет Сақтағанов.

Инвестициялық жұмысқа қатысты да осындай сын айтылды. Әкімнің айтуынша, инвестиция тарту - өңір басшылығының тікелей міндеті, ал инвестициялар нақты жобаларға, жұмыс орындарына және салық түсімдеріне әкелуі тиіс. Тұжырымдамалар мен презентациялар күйінде қалмауы қажет.

Талқылау қорытындысы бойынша анықталған ескертулерді жоюға нақты мерзім белгіленді. Салалық орынбасарларға жақсартылған, іске асырылатын жоспарларды ұсыну тапсырылды.
Жиында ШҚО мемлекеттік органдарының жұмысына болашақта нақты нәтижелерге байланысты баға берілетіні айтылды. Ондай индиакторлардың ішіне - тұрғындардың өтініштерінің шешілуі, туризм мен инвестициялық жобалардың іске қосылуы, халықпен тиімді диалог орнатылуы да кіретін болады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу