Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Баға ұнамаса – алмаңыз": Вице-министр қазақстандықтарға азық-түлікті арзан жерден алуды ұсынды

Қоғам
"Баға ұнамаса – алмаңыз": Вице-министр қазақстандықтарға азық-түлікті арзан жерден алуды ұсынды
Baq.kz, фото авторы: О.Адай

Журналистер брифингте Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабековтен Қазақстанда азық-түлік неге басқа елдерге қарағанда қымбат екенін сұрады. Ал вице-министр жауап ретінде тұрғындарға азық-түлікті базар секілді арзан жерден алуға кеңес берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап Malim.kz хабарлайды. 

Журналисттер Германия мен Қазақстандағы азық-түлік бағасын салыстырған видеоны еске салды. Мұнда көрші елдердің супермаркеттеріндегі бағалар да Қазақстаннан төмен екені көрсетілген.

Айдар Әбілдабеков бұл тақырыпта пікірталастар көп екенін айтып жауап берді. Алдымен ол Қазақстан ішіндегі бағаның айырмашылығын түсіндірді.

"Біздің елде бағалар Астана мен Алматыда әртүрлі. Шок боласыз, базарға барасыз да қызанақ, мандарин, апельсин бағасын көріңіз. Сол жерде бағалар әлдеқайда арзан", – деді ол.

Вице-министрдің айтуынша, бағаның айырмашылығы – жеміс-жидек пен көкөністі оңтүстіктен немесе көрші елдерден әкелу кезінде қосымша шығындар кететіндіктен. Сонымен қатар, сатушылардың менталитеті де бағаға әсер етеді.

"Содан кейін, сатушылардың маржасы. Оңтүстікте менталитет сәл басқа, Астанада – басқаша. Нарықтағы адамдардың менталитеті әртүрлі. Халық саны көп болғандықтан маржалары аз. Мұнда барлық өнімге үстеме баға жоғары қойылады", – деді Әбілдабеков.

Германиядағы бағаларға қатысты жеке жағдай деп түсіндірді.

"Бұл жеке жағдайлар, оны жалпы жағдайдың көрсеткіші деп есептеуге болмайды. Мысалы, бір бөтелке су Астанада әр дүкенде әртүрлі бағада болуы мүмкін. Баға ұнамаса – суды алмаңыз. Басқа дүкенге барып, басқасын сатып алыңыз. Бізде әртүрлі санаттағы дүкендер мен базарлар бар", – деді ол.

Сондай-ақ, Әбілдабеков әр апта сайын жұбайымен бірге "Асем" базарына барып, қай жерде ет, тауық немесе тұрмыстық химия арзан екенін өз көзімен көретінін айтты.

"Мен "Асем" базарына барамын, кім ет сатады, кім тауық, қай жерде өндірушіден сауда нүктесі бар, қай жерде тұрмыстық химия бар бәрін білемін. Сол жерден арнайы барып аламын. Ол жерде арзан. Кім қымбатын алғысы келсе, премиум-супермаркетке бара берсін", – деп түйіндеді вице-министр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу