freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Балқаш жағалауында төрт баласы бар отбасы құтқарылды

Қоғам
Балқаш жағалауында төрт баласы бар отбасы құтқарылды
Фото: ТЖМ

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында, Тасарал ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 20 шақырым жерде орналасқан Балқаш көлінің жағалауында ТЖМ құтқарушылары техникалық ақауға байланысты жолда қалған отбасыға көмек көрсетті, деп хабарлайды Malim.kz.

Көлікте алты адам, оның ішінде төрт бала болған. Құтқарушылар автокөліктің ақауын оқиға орнында жөндеп, кейін оны жақын маңдағы елді мекенге дейін сүйемелдеп жеткізді.

Зардап шеккендер жоқ, медициналық көмек ешкімге қажет болмады.

ТЖМ алыс жолға шығар алдында көліктің техникалық жағдайын тексеріп, өзіңізбен бірге ауыз су, байланыс құралдарын алып жүруге және сапар бағытын жақындарыңызға алдын ала хабарлауға кеңес берді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу