Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бас санитар маймыл шешегіне байланысты қаулы шығарды

Денсаулық
Бас санитар маймыл шешегіне байланысты қаулы шығарды

Бас санитар республика бойынша маймыл шешегі  таралуының алдын алу жөніндегі санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы қаулыға қол қойды.   


Құжатқа сәйкес, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдарына бірқатар міндет жүктелді. Оның ішінде шетелдік студенттерді, атап айтқанда соңғы 21 күн ішінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жариялаған тізімге сәйкес маймыл шешегі бойынша эндемиялық елдерден келген немесе оларға барған қазақстандықтарды медициналық бақылау тапсырылды.

Сондай-ақ, Көлік министрлігіне дене қызуы жоғары адамдарды қашықтықтан анықтауға арналған температураны байланыссыз өлшеу жүйесін орнату, көліктерде жеке қорғаныш құралдарының (маскалар, қолғаптар), қолға арналған антисептиктердің, дезинфекциялау құралдарының болуын және тағы басқа шараларды қабылдау жүктелді.

Бұған қоса Қаржы министрлігіне мемлекеттік шекара арқылы автомобиль өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылауды күшейту тапсырылды.

Қаулы 2024 жылғы 28 тамыздан бастап күшіне енді.

Фото: Астана қаласы әкімдігі 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу