Әнші Бейбіт Қорған Алматыдан Атырауға ұшып бара жатқанда бортта мас күйінде әдепсіз қылық көрсетіп, әуе компаниясының ережелеріне бағынудан бас тартқан.
Бұл туралы Kozachkov offside телеграм-арнасы хабарлайды.
Нәтижесінде, ұшақ қызметкерлері Бейбіт Қорғанды полицейлерге тапсырыпты. Ұсақ бұзақылық және құқық қорғау органдарының өкіліне бағынбау туралы хаттама толтырылған.
Бүгін Бейбіт Қорған Атырауда сот алдында жауап беріп, кінәлі деп табылған. Сот 196 мың теңге айыппұл тағайындапты.