Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бейбіт Сарыбай Бекзат Саттарханов туралы кітап жазды

Спорт
Бейбіт Сарыбай Бекзат Саттарханов туралы кітап жазды

Жазушы Бейбіт Сарыбай Сидней Олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттарханов туралы туындысын тәмамдағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Жазушы кітапта даңқты боксшының рингтен тыс өмірін қамтуға тырысқан.

Біраз уақыттан Бекзат Саттархановтың шаршы алаңнан тыс өмірі туралы жазып жүрген шығарманың нүктесін қойдым. Аяқтаған бетте Бекзат Сейілханұлының рухына арнап «Фатиха» мен «Ықыласты» оқыдым. Баян Хасанова деген мықты редактордың қолына тапсырдым. Жақсы жаздым деп сенімді айту қиын ғой, жақсы көріп жаздым... Шығарма туралы, жазылуы турасында кейінірек кеңірек айтармыз. Бұйыртса, кітап болып шығады, - деп жазды Бейбіт Сарыбай әлеуметтік желіде.

Автор кітаптың оқырман қолына қашан тиетінін нақтыламаған.

Бұған дейін Бекзат Саттарханов туралы «Бекзат» атты көркем фильм жарыққа шыққан еді.

Бекзат Саттарханов – 2000 жылы Сиднейде өткен Олимпиада ойындарының чемпионы.

Фото: интернеттен

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу