Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бейімделген дене шынықтыру бағытындағы мамандар біліктілігін арттырды

Қоғам
Бейімделген дене шынықтыру бағытындағы мамандар біліктілігін арттырды

Маңғыстау облысының білім басқармасының тапсырысы аясында “Қолдау”  орталығы” жеке меншік мекемесі “Zerde+” әлеуметтік жобасын жүргізіп келеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Бүгін әлеуметтік жоба аясында ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларды қолдау мақсатында аталған балалармен жұмыс жүргізуші арнайы мамандар мен дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне 8 сағаттық толық интенсив-курс ұйымдастырылды.

“Renaissance Aktau Hotel” қонақ үйінде өткен курсқа өңірдің 80 маманы қатысып, өз біліктіліктерін жетілдіріп, тәжірибелерін арттырды. Курс барысында арнайы мамандар теориялық біліммен қатар, поактикалық жаттығуларды үйреніп, ерекше балалармен жұмыс істеудегі ерекше әдіс-тәсілдермен танысты.

Курс спикері - республикалық деңгейдегі  сарапшы, тәжірибелі маман Нұржан Әбдіманап аудандық, қалалық білім беру ұйымдары мен арнайы білім беру ұйымдарынан қамтылған мамандардың сұрақтарына жауап беріп, өзекті мәселелер бойынша ұсыныстарын тыңдады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу