freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бектенов: ЕАЭО аясында жасанды интеллект пен кедергісіз саудаға басымдық беріледі

Экономика
Бектенов: ЕАЭО аясында жасанды интеллект пен кедергісіз саудаға басымдық беріледі
Үкімет

Олжас Бектенов Шолпан-Атада Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Malim.kz.

Шолпан-Ата қаласында (Қырғызстан) Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырысы өтті.

Жиынға Армения, Беларусь премьер-министрлері, Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы — Президент Әкімшілігінің басшысы, Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы қатысты.

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің басшылары аймақтың макроэкономикалық тұрақтылығын сақтау және экономикалық әлеуетін арттыру, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, өзара сауданы дамыту, Бірлестік елдері нарығындағы кедергілерді жою жөнінде міндеттер қойып отыр.

Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одақ органдарына төрағалық етуі аясында біз жасанды интеллектіні дамытып, логистикалық хабтар құру, өнеркәсіп және агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру, кедергісіз сауданы қамтамасыз ету, сондай-ақ сыртқы серіктестермен жаһандық диалог құру бағытын дәйекті түрде қолдаймыз. Дәл осы ұстанымды Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Одаққа мүше мемлекеттердің басшыларына жолдауында белгілеген болатын. Бүгінгі отырыс қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтар ЕАЭО шеңберінде алға қойылған мақсаттарды жүзеге асыруға және өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға елеулі үлес қосатынына сенімдімін, — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Шағын құрамдағы отырыста мүше мемлекеттердің азық-түлікпен қамтамасыз етілуі және ЕАЭО-ның негізгі сауда әріптестерімен сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері қаралды. Қатысушылар ЕАЭО мемлекеттері тауарларының жаңа нарықтарға шығуы үшін қолайлы жағдайлар жасау жөнінде пікір алмасты. 

Қазақстан Премьер-министрі биылғы мамыр айында Астанада өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында мемлекеттер басшылары қол қойған АӨК саласындағы қаржылық жәрдемдесудің жаңа тетігі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің оң серпінін қолдауға ғана емес, өзара сауданы дамытуға, бірлескен кооперациялық жобаларды ынталандыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

ЕҮАК отырысының жұмысы кеңейтілген құрамда жалғасады.



 



 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу