freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бектенов: Геологиялық барлау жұмыстарын қаржыландыру 3 жылда 500 млн долларға жетеді

Экономика
Бектенов: Геологиялық барлау жұмыстарын қаржыландыру 3 жылда 500 млн долларға жетеді
Үкімет

Геологиялық барлау жұмыстарын қаржыландыру 3 жылда 500 млн долларға жетеді. Бұл турады GECA 2026 халықарлық геологиялық форумының жалпы отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов айтты.

Геологиялық барлау жұмыстарын қаржыландыруға да барынша көңіл бөлінуде. Ол 10 есе ұлғайып, алдағы үш жылда шамамен 500 млн долларға жетеді. Астанада заманауи Геологиялық кластер құрылуда. Оның аясында талдау зертханасы, минералдар мен геологиялық ақпарат қорының қоймалары іске қосылуда. Кластер кадрлық және техникалық ресурстарды біріктіріп, зерттеу жұмыстарын жандандыратын геологиялық құзыреттілік орталығына айналады, - деді Үкімет басшысы.

Олжас Бектенов Қазақстан Президенті 2026 жылды «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жарияланын еске салды.

- Бұл бастаманың геология саласы үшін де маңызы өте зор. Үлкен деректерді талдау мен геофизикалық модельдеуге негізделген озық технологиялар геологиялық барлау ісіне жаңа серпін береитіні сөзсіз. Нәтижесінде жұмыстың тиімділігі артып, шешім қабылдау үшін қажетті уақыт пен ресурстар үнемделеді. Цифрлық трансформация шеңберінде жұмыс істей алатын жаңа буын мамандарын, яғни кәсіби геологтар мен инженерлерді және талдаушыларды даярлап, қалыптастыру ісі де айрықша назарды қажет етеді, - деді Премьер-министр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу