Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бестеректегі жол апаты: Жүргізуші марқұм балалардың отбасыларына 50 млн теңге төлейді

Құқық
Бестеректегі жол апаты: Жүргізуші марқұм балалардың отбасыларына 50 млн теңге төлейді
Kazinform

Абай облысы Бестерек ауылында төрт баланың өмірін қиған жол-көлік оқиғасы бойынша кінәлі деп танылған жүргізушіден марқұмдардың ата-анасына 50 миллион теңге моральдық шығын өндірілмек.

Сот материалдарына сүйенсек, жол-көлік оқиғасы кезінде жүргізушінің эпилепсия ұстамасы ұстап, соның салдарынан көлікті басқара алмай қалған. 

Сот жаза тағайындау кезінде істі жеңілдететін мән-жайларды, оның ішінде ер адамның кінәсін мойындауын, асырауында кәмелетке толмаған баласы бар екенін ескерді.

Сот отырысының қорытындысы бойынша жәбірленуші тараптың азаматтық талап арызы қанағаттандырылып, жауапкер моральдық шығын үшін 50 миллион теңге өтемақы төлеуге міндеттелді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салсақ, осыған дейін Абай облысында төрт баланың өмірін қиған жол-көлік оқиғасы бойынша сот үкімі шыққаны хабарланған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу