Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Безеуін сығамын деп өмірінен айрылып қала жаздады": 28 жастағы келіншек адам сенгісіз жағдайға түсіп қалды (ФОТО)

Денсаулық
"Безеуін сығамын деп өмірінен айрылып қала жаздады": 28 жастағы келіншек адам сенгісіз жағдайға түсіп қалды (ФОТО)
ашық дереккөзден

Ресейдің Котлас қаласында 28 жастағы тұрғын маңдайындағы безеуді өз бетінше сығып, ауыр асқынумен ауруханаға түсті. Бұл туралы SHOT Telegram арнасы хабарлады, деп жазады Malim.kz.

Дереккөз мәліметінше, әйел алғашында маңдайындағы безеуді өзі сығып шығарған. Алайда келесі күні сол аймақ қатты ісініп, үшінші күні жағдайы нашарлаған соң медициналық мекемеге жүгінуге мәжбүр болған. Алғашқы тексеру кезінде дәрігерлер тек пластырь жапсырумен шектелген. Бірақ жараның беті қайтпаған, керісінше қабыну үдеп кеткен.

Араға уақыт салып, әйел қайтадан ауруханаға барған. Бұл жолы дәрігерлер маңдай тұсын тіліп, антибиотиктер тағайындауға мәжбүр болды. Соған қарамастан, науқастың жағдайы жақсармай, ол стационарға жатқызылған. Медиктердің айтуынша, асқынудың негізгі себебі – безеуді сықпас бұрын қолды залалсыздандырмау. Соның салдарынан инфекция түсіп, ірің жиналып, ісік бүкіл бет аймағына таралған.

Безеу деген не және ол неге пайда болады?

Безеу (медицина тілінде акне) – тері май бездерінің қызметі бұзылғанда пайда болатын қабыну үдерісі. Өлі жасушалар мен артық май шаш фолликуласының аузын бітеп, бактериялардың көбеюіне қолайлы орта қалыптастырады. Нәтижесінде қабыну, қызару және іріңді бөртпелер пайда болады. Көбіне безеу бетте, арқада және кеуде тұсында шығады.

Безеудің негізгі себептері

  • Гормоналды өзгерістер. Жасөспірім кезеңде, сондай-ақ гормондық теңгерім бұзылғанда жиі байқалады.
  • Тері түріне сай келмейтін косметика. Майлы әрі агрессивті өнімдер тері тесігін бітейді.
  • Күйзеліс пен ұйқының бұзылуы. Гормоналды жүйеге әсер етеді.
  • Тамақтану ерекшелігі. Кейбір адамдарда тәтті немесе сүт өнімдері безеуді күшейтуі мүмкін.

Безеулі теріні қалай күту керек?

  • Бетті күніне екі рет жұмсақ тазартқышпен жуу
  • Ортақ орамал қолданбау, бір реттік майлық пайдалану
  • Скрабты тек жеңіл жағдайда және аптасына 1 реттен артық емес қолдану
  • Қабынған безеулерді сықпау
  • Дәрігер ұсынған емдік құралдарды ғана жағу

Неліктен безеуді сығуға болмайды?

Мамандардың айтуынша, безеуді өз бетімен сығу:

  • Инфекция түсу қаупін арттырады
  • Іріңнің терең қабатқа таралуына әкеледі
  • Бетте тыртық пен дақ қалдырады
  • Кей жағдайда, Котластағы оқиғадағыдай, ауыр асқынуларға себеп болуы мүмкін

Сондықтан қабынған бөртпелерді сығудың орнына дерматолог немесе кәсіби косметологқа жүгінген дұрыс.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу