freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылы мен жылыту маусымына дайындығы ШҚО әкімінің жіті бақылауында

Қоғам
Білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылы мен жылыту маусымына дайындығы ШҚО әкімінің жіті бақылауында
Фото: ШҚО әкімдігі

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановтың төрағалығымен білім беру ұйымдарын жаңа оқу жылына және алдағы жылыту маусымына дайындау мәселелеріне арналған кеңес өтті, деп хабарлайды Malim.kz.

Соның барысында жөндеу жұмыстарын жүргізу, инженерлік инфрақұрылымның дайындығы, оқушылар үшін қауіпсіз жағдай жасау, мектептерді оқулықтармен уақтылы қамтамасыз ету талқыланды.

Өңірде 538 білім беру ұйымы жұмыс істейді. Биыл 47 нысанда жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде олардың 35-інде жұмыстар толық аяқталды. Қалғандарында жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр және 25 тамызға дейін аяқталуы тиіс.

Аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов білім басқармасына қала және аудан әкімдерімен бірлесіп барлық жөндеу жұмысын сапалы әрі уақтылы аяқтауды, білім беру ұйымдарының жылыту маусымының басталуына толық дайын болуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Кеңесте мектеп оқушыларын оқулықтармен қамтамасыз ету мәселесіне де ерекше назар аударылды. Бейінді басқармалар оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді уақтылы сатып алу үшін қажетті шараларды қабылдап, жаңа оқу жылы басталғанға дейін оқушыларды қажетті оқу әдебиеттерімен толық қамтамасыз ету керек.

Нұрымбет Сақтағанов білім ордаларын дайындау жұмыстары жергілікті басшылардың күнделікті бақылауында болуы тиіс екенін атап өтті. Жоспарланған барлық іс-шара белгіленген мерзімде аяқталып, балалардың жаңа оқу жылының алғашқы күнінен бастап қауіпсіз әрі жайлы жағдайда білім алуына жағдай жасалуы қажет.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу