Биыл түлектер емтиханды қай күндері тапсырады?

Оқу-ағарту министрлігі 2024–2025 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ қорытынды аттестаттау тәртібін жариялады, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.
9-сынып оқушылары үшін қорытынды емтихан 2025 жылғы 29 мамыр мен 10 маусым аралығында өтеді. Ол міндетті пәндер бойынша жазбаша өтеді.
11-сынып түлектері үшін мемлекеттік емтихан 2025 жылғы 30 мамыр мен 16 маусым аралығында өтеді. Оқушылар бес емтихан тапсырады, соның бірі ауызша түрде өтеді.
Негізгі және жалпы орта білім туралы аттестаттарды табыстау рәсімі білім беру ұйымдарында 2025 жылғы 18–20 маусым күндері өткізілмек.
Фото: Pixabay.com


Ең көп оқылған
