Биылғы «Болашақ» стипендиясын кім алғаны белгілі болды

Арман Қайыпхан

  • 03.09.2024

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Malim.kz.

Отырыста 150 азаматқа «Болашақ» халықаралық стипендиясын беру туралы шешім қабылданды. Осы шешімге сәйкес 120 стипендиант магистратурада, 6 азамат докторантурада оқиды. Ал 24 стипендиат әлемнің озық университеттері мен өндіріс орталықтарында тағылымдамадан өтеді.ыу

Комиссия мүшелері қазір басымдық беріліп отырған мамандықтарға ерекше назар аударды. Тиісінше стипендиаттардың үштен екісінен астамы жаратылыстану және техникалық бағыттар бойынша білім алады.

Сонымен қатар 33 азамат әлемдегі озық ғылыми-зерттеу орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өтуге грант алды. Жиын барысында Ерлан Қарин ғылыми тағылымдамадан өтетін үміткерлерді Мемлекет басшысының биылғы 2 қыркүйекте жариялаған Жолдауындағы ұстанымдарға сәйкес мұқият іріктеу қажеттігіне тоқталды. Сондықтан ғылыми тағылымдамаға мемлекет үшін аса маңызды әрі экономикада жоғары сұранысқа ие мамандар ғана жіберіледі.

Жиын соңында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин «Болашақ» халықаралық стипендиясын және ғылыми тағылымдамалар бағдарламасын іске асыру үдерістерін одан әрі жетілдіру жөнінде нақты тапсырмалар берді. Мұның бәрі еліміздің ғылыми әлеуетін дамыту жолында маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Фото: Ақорда

Байланысты жаналықтар

ЮНЕСКО: Қазақстан мұраларын халықаралық деңгейде танымал ету мәселесі көтерілді

16.05.2025

Түркістанда Ясауи мұрасына қатысты симпозиум өтіп жатыр

15.05.2025

«Хандар шежіресі» ЮНЕСКО-ның халықаралық «Әлем жады» тізіміне енгізілді

17.04.2025

«Болашақ» бағдарламасына жас шектеуі енгізіледі

16.04.2025

Ерлан Қарин Өзбекстан президентінің көмекшісі Саида Мирзиёевамен кездесті

18.03.2025

Ұлттық құрылтайдың наурыздағы отырысы Бурабайда өтеді  

01.02.2025
MalimBlocks