Грантқа түсе алмағандарға не істеуге болады? Депутат Асхат Аймағамбетов бірнеше жолын айтты

Оның айтуынша, мүмкіндік көп, тек соны пайдалана білу керек

Мәди Саматұлы

  • 03.08.2024

Мәжіліс депутаты, бұрынғы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов грантқа түсе алмай қалған талапкерлерге әлі де грант ұтып алу мүмкіндігі бар екені айтады. Оны қандай жолдармен иеленуге болатыны жөнінде өзінің телеграм-арнасында жазды, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның сөзінше, комменттерде және жекесіне былтырғы жылдағыдай осындай мазмұндағы сұрақ тағы да көп қойылып жатыр. Сондықтан қысқаша өз ойын қайталап берген. Бастысы әлі де грантты жеңіп алуға мүмкіндік бар. Неге?

Біріншіден, игерілмеген бірнеше мың грант қайтадан үлестіріледі. Яғни грант алған талапкерлерден кейін тұрған талапкерлерге ҰБТ-да жинаған ұпай санына сәйкес беріледі. Соны күтуге болады.

Екіншіден, әкімдіктердің гранттары бар. Бірнеше мың грант жергілікті бюджеттен бөлінеді.

Үшіншіден, «Қазақстан халқына» қорының гранттары тағы бар.

Төртіншіден, кейбір талапкерлер түрлі себеп бойынша жеңіп алған гранттарынан бас тартады. Олардың саны да аз болмайды. Ол гранттар да қайта тағайындалады.

Бесіншіден, тіпті ештеңе болмаса, университетке ақылы түрде түсіп, кейін жақсы оқып, GPA жоғары болса, білім алу кезінде босаған бос грантты ұтып алуға болады.

Алтыншы, «gap year» арқылы бір жыл дайындалып, қайтадан ҰБТ тапсырып, грантты жеңіп алуға болады. Ол менің өз басымнан өткен оқиға. Бұл да жақсы шешім.

Жетіншіден, колледжге түсуге болады. Колледжде грант көп, қажетті мамандықтар бойынша колледж бітіргендер нарықта тапшы. Керек болса, кейін әрі қарай ЖОО-ға түсіп, қысқа мерзімде жоғары білім алып шығуға да болады.

Көріп отырғандарыңыздай мүмкіндіктер өте көп. Бәрі алда. Толық мәлімет алу үшін университеттердің қабылдау комиссиясына жолығу керек, деді Асхат Аймағамбетов.

Фото: әлеуметтік желіден

Байланысты жаналықтар

Ақтөбелік алаяқ студенттерді алдап, 5 млн теңгесін жымқырған

16.11.2024

Мемлекет балалардың білім алуы үшін ашылған депозитке ақша салмақ

13.11.2024

Кітап оқудың парқы

04.11.2024

Оқушылар күзгі демалыста неше күн демалады?

23.10.2024

Тегін оқуға грант алған әскери қызметшілердің тізімі жарияланды

22.10.2024

Маңғыстаулық педагогтар эвристикалық тағылымдамадан өтеді

17.10.2024
MalimBlocks
Ақтөбелік алаяқ студенттерді алдап, 5 млн теңгесін жымқырған

Оларды грантқа түсіруге уәде берген

Мемлекет балалардың білім алуы үшін ашылған депозитке ақша салмақ

Мемлекет тарапынан автоматты түрде 60 АЕК (220 мың) теңге көлемінде қаражат құйылады

Кітап оқудың парқы

Кітап адамды ой түзуге үйретіп, мейірімділікке шақырады. Көзді ашады, оқығанды жақындастырады. Білгенімізге жаңа білім қосып, жадты жаңғыртуға көмектеседі.

Оқушылар күзгі демалыста неше күн демалады?

Олардың демалысын тиімді өткізу үшін "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспары ұсынылады

Тегін оқуға грант алған әскери қызметшілердің тізімі жарияланды

Гранттарға 2023 жылдың күзінде әскерге шақырылған 17 927 сарбазы үміткер болды

Маңғыстаулық педагогтар эвристикалық тағылымдамадан өтеді

Олар «Demeu 2.0» әлеуметтік жобасы аясында білім алады