KAZLLM АУҚЫМДЫ ТІЛ МОДЕЛІ ӘЗІРЛЕНДІ

Malim Админ

  • 13.02.2025

 

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында қазақ тіліндегі жасанды интеллектті дамытуға бағытталған KazLLM ауқымды тіл моделі әзірленді.

Аталған тапсырманы жүзеге асыру аясында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Nazarbayev University жанындағы Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институты (ISSAI NU), ғылыми институттар мен жоғары оқу орындарын тарта отырып KazLLM ұлттық тіл моделіне қажетті қазақ тілінің корпусын қамтамасыз ету жұмысын жүргізді.

Аталған шара қазақ тіліндегі мәтіндік ақпаратты өңдеу, аудару, талдау және қазақ тілін заманауи технологияларға кіріктіруге қажетті тиімді шешімдер жасауға бағытталған. Жаһандану және елдің мәдени бірегейлігін сақтау жағдайында жобаның маңыздылығы тіпті артып отыр.

KazLLM-ге қажетті қазақ тіліндегі корпусты әзірлеуге атсалысқан еліміздің 26 жетекші институттарының, жоғары оқу орындарының 140-тан аса ғалымдары мен қызметкерлері экономика, қаржыландыру, математика, тарих, биология, химия, медицина, технология және тағы да басқа 115 сала бойынша үлкен көлемдегі деректерді дайындаумен айналысты. Мәселен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия, этика, PR, астрономия, астрофизика, ақпараттық технология салалары бойынша деректерді дайындаумен, Математика және математикалық модельдеу институты математика саласы бойынша, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты тарих саласы бойынша, медициналық университеттер медицина саласы бойынша деректерді дайындаумен айналысты. Ғылым және жоғары білім мекемелерімен бұл ынтымақтастық модельдің сапалы әрі тиімді әзірленуін қамтамасыз ететін қазақ тіліндегі бірегей контенттің құрылуына ықпал етті.

Бүгінгі күні KazLLM-нің ашық бастапқы коды бар нұсқасы https://huggingface.co/issai платформасында қолжетімді.

Цифрлық инфрақұрылымның маңызды бөлігі болып табылатын аталған модель коммерциялық емес ғылыми және академиялық мақсаттарда, сондай-ақ чат-боттар, виртуалды көмекшілер, Google Translate-ке ұқсас автоматты аудармашыларды әзірлеуде қолданылатын болады.

Байланысты жаналықтар

BlackRock: Инфляция жоғары деңгейде қала береді

10.12.2024

Қорғаныс министрлігі өз жұмысында жасанды интеллект пайдаланады

01.11.2024

АҚШ жасанды интеллектке инвестиция салудан әлемде көш бастады

18.08.2024

Елімізде «Жасанды интеллект туралы» заң жобасы әзірленді

16.07.2024

Елімізде AI ұлттық орталығын ашылады

30.06.2024

«ЖИ қолданады»: Ұлттық банк алаяқтықтың жаңа түріне байланысты мәлімдеме жасады

25.04.2024
MalimBlocks
BlackRock: Инфляция жоғары деңгейде қала береді

Қорғаныс министрлігі өз жұмысында жасанды интеллект пайдаланады

АҚШ жасанды интеллектке инвестиция салудан әлемде көш бастады

Қытай инвестициясы одан үштен біріне аз

Елімізде «Жасанды интеллект туралы» заң жобасы әзірленді

Министрлік Мәжіліс депутаттарымен бірлесіп, озық әлемдік тәжірибеге сүйене отырып дайындаған.

Елімізде AI ұлттық орталығын ашылады

Суперкомпьютер салу жобасы талқыланды

«ЖИ қолданады»: Ұлттық банк алаяқтықтың жаңа түріне байланысты мәлімдеме жасады

Зиян тигізетін сілтемелер балалар байқауына дауыс беру немесе әлеуметтік маңызы бар тақырыптарда сауалнамаға қатысуға шақыру түрінде де жіберілуі мүмкін.