Колледждерге берілетін қаржы екі есе артады

Арман Қайыпхан

  • 06.05.2025

ҚР Үкіметі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын қаржыландырудың жаңа нормативін қабылдады, деп хабарлайды Malim.kz.

Қолданыстағы жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесіне сәйкес, бір студентті оқытуға бөлінетін орташа қаражат 437 мың теңгені құрайды. Енді ол орта есеппен 912 мың теңге көлемінде болады.

Жаңа қаржыландыру нормативі негізгі және ынталандырушы төлем бөліктерінен тұрады. Ынталандырушы төлемдер нақты көрсеткіштерге қол жеткізген колледждерге беріледі.

"Бұл жаңа қаржыландыру жүйесі бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға, білім беру ұйымдарын заманауи материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етуге, педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, колледждердің оқу-өндірістік шеберханаларында өндірілген өнімді сатылымға шығару механизмі қарастырылып жатыр. Өндірістен түскен табыс білім беру ұйымдарын дамытуға бағытталатын болады", - делінген ҚР Оқу-ағарту министрлігі таратқан хабарламада.

Фото: Үкімет

Байланысты жаналықтар

Қазақстандық оқушы әлемнің 86 университетінен шақырту алды

02.05.2025

Еліміздегі жерлеу қызметі қымбаттады

25.04.2025

Келесі жылдан бастап жаттықтырушыларға 30 пайыз үстемеақы қосылады

19.04.2025

Жамбыл облысында балаларға арналған 45 миллион теңге ұрланған

18.04.2025

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

16.04.2025

Ақ үй БҰҰ мен НАТО-ны қаржыландыруды тоқтатуды ұсынды

15.04.2025
MalimBlocks
Қазақстандық оқушы әлемнің 86 университетінен шақырту алды

Еліміздегі жерлеу қызметі қымбаттады

Келесі жылдан бастап жаттықтырушыларға 30 пайыз үстемеақы қосылады

Жамбыл облысында балаларға арналған 45 миллион теңге ұрланған

Қордай ауданының прокуратурасы мектепке дейінгі мекеменің жан басына шаққандағы қаржыландыруға арналған 45,2 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражаты жымқырылғанын анықтады,

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

Ақ үй БҰҰ мен НАТО-ны қаржыландыруды тоқтатуды ұсынды