Мектептерде жаңа пәндер пайда болуы мүмкін

Енді мектептерде ауыл шаруашылығы саласына мамандар дайындауға бағытталған жаңа пәндер пайда болуы мүмкін. Бұл мәселені депутаты Қарақат Әбден көтерді

Сұлу Бөлек

  • 02.04.2025

Енді мектептерде ауыл шаруашылығы саласына мамандар дайындауға бағытталған жаңа пәндер пайда болуы мүмкін. Бұл мәселені депутаты Қарақат Әбден көтерді, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден өзінің депутаттық сауалын премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевқа жолдап, ауылда білікті кадрлар тапшы екенін айтты.

"Ауыл тұрғындарымен кездесулерде бірдей шағымдарды естиміз: механизаторлар, агрономдар, сауыншылар, ветеринарлар жетіспейді. Қазіргі уақытта 60 мыңнан астам маман қажет, әрі бұл тапшылық одан әрі ұлғая береді. Әр үшінші фермада кадр тапшылығы бар, әсіресе Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Жамбыл және Алматы облыстарында. Жастар ауылдан кетіп жатыр, себебі олар онда мансаптық өсу мүмкіндігін көрмейді", – деді депутат Мәжіліс отырысында.

Ол Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы үшін кадрлар даярлау және ауылды дамыту мәселесін ұлттық саясаттың негізгі бағыттарының бірі ретінде айқындап бергенін еске салды.

"Бүгінде жастарды жай ғана оқыту жеткіліксіз, оларға туған жерінде өзін көрсетуге жағдай жасау қажет. "Кім қай жерде туды – сол жерде қажет болу керек" деген қағида ауыл шаруашылығында орта буын мамандарын даярлаудың негізіне айналуға тиіс. Бұл мәселенің шешімі – мектептерде агропрофильдік білім беруді енгізу. Ауыл мектептерінде агропрофильдік сыныптар ашылуы тиіс. 7-11 сынып оқушылары механизация, агрономия, ветеринария, мал шаруашылығы және агробизнес негіздерін оқитын болады", – деп ұсынды Әбден.

Осыған байланысты депутат Оқу-ағарту министрлігіне ауыл мектептерінде агропрофильдік білім беру жөнінде мемлекеттік бағдарлама әзірлеуді, ал Ауыл шаруашылығы министрлігіне мектептерді ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына қосып, дуальді оқытуды қамтамасыз етуді ұсынды.

Сонымен қатар, ол Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне агроөнеркәсіптік кешенде жұмыс істеуге дайын түлектерге жеңілдіктер мен гранттар жүйесін енгізуді, ал Ұлттық экономика министрлігіне бұл бағдарламаны ауылды дамыту жөніндегі ұлттық жобаларға қосу қажеттігін айтты.

Фото: pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

17.05.2025

Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

15.05.2025

Қазақстанда медициналық мақсатта қарасора өсіріледі

13.05.2025

Биыл жазда 3,1 млн оқушы демалыс бағдарламаларымен қамтылады

08.05.2025

Түркістан облысында балалар мектеп-интернаттан шығарылған

06.05.2025

Биылғы жазда мектептер жанынан 10 мыңнан астам лагерь ашылады

03.05.2025
MalimBlocks
Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

Жасанды интеллект пен Big Data-ны пайдалану арқылы егістік алқаптары мен мал шаруашылығын тиімді басқаруға мүмкіндік туды

Тәуелсіздік алғаннан бері Арқалықта алғаш рет жаңа мектеп ашылды

Қазақстанда медициналық мақсатта қарасора өсіріледі

Биыл жазда 3,1 млн оқушы демалыс бағдарламаларымен қамтылады

Түркістан облысында балалар мектеп-интернаттан шығарылған

Биылғы жазда мектептер жанынан 10 мыңнан астам лагерь ашылады