Наурыздағы ҰБТ: 163 мың түлек сынақтан өтеді

ҰБТ 1 наурыз бен 6 сәуір аралығында өтеді

Malim Админ

  • 27.02.2025

Наурыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау аяқталды. 163 мыңға жуық адам тестілеуден өтуге ниет білдірген. ҰБТ 1 наурыз бен 6 сәуір аралығында өтеді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығына сілтеме жасап Malim.kz хабарлайды.  

Талапкерлер өтініш беру барысында олар тестілеу күнін, уақытын және пунктін өздері таңдады.

Наурыздағы ҰБТ-ға шартты түрде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданған, өткен жылғы мектеп және колледж түлектері, ҚР азаматы емес ұлты қазақ тұлғалар, сондай-ақ мектеп бітіретін түлектер жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсу үшін қатысады.

ҰБТ барысында калькулятор, Химиялық элементтердің периодтық жүйесі (Менделеев кестесі) және тұздардың ерігіштік кестесі тестілеу бағдарламасында қолжетімді болады. Тест тапсырушылар тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға өтініш бере алады. Сертификат апелляциялық комиссияның шешімінен кейін талапкердің жеке кабинетінде шығады.

ҰБТ-дағы пәндердің саны өзгеріссіз қалады, яғни үшеуі міндетті және екеуі таңдау бойынша. ҰБТ тапсырмалар саны – 120. Оның ішінде «Қазақстан тарихынан» 20 тапсырма, «Оқу сауаттылығынан» 10 тапсырма, «Математикалық сауаттылықтан» 10 тапсырма және екі бейіндік пән бойынша 40 тапсырмадан. Жоғары балл – 140, ол да өзгеріссіз қалды.

Тестілеу уақыты – 4 сағат (240 минут). Бұл ретте ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін ұсынылатын қосымша 40 минут уақыт сақталатынын айта кету керек.

Естеріңізге сала кетсек, 10 ақпанда қаңтар ҰБТ-сы аяқталды, ол тестілеуге 164 мыңға жуық қатысты. Оның ішінде талапкерлердің 76,8%-ы қазақ тілінде, 23,1%-ы орыс тілінде, 89 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті. ҰБТ-да шекті балды 70,4%-ға жуық талапкер жинады. Орташа балға келетін болсақ, ол 65,8 балды құрады. Ең жоғары балл – 139. Жалпы, 186 талапкер 130-дан жоғары балл жинады.

Фото: baq.kz   

 

Байланысты жаналықтар

«Болашақ» бағдарламасына жас шектеуі енгізіледі

16.04.2025

Білім саласының тағы 11 қызметкері жемқорлық үшін сотталды

15.04.2025

Бүгін – ғылым қызметкерлерінің күні

12.04.2025

Жәмила Бақбергенова әлемдік рейтингте көш бастады

11.04.2025

Димаш Құдайберген қуанышты жаңалығын жеткізді

09.04.2025

Қаныш Сәтбаевтың есімін ұмыттыруға кімдер тырысты? Зерттеуші тың деректерді ұсынды

20.03.2025
MalimBlocks
«Болашақ» бағдарламасына жас шектеуі енгізіледі

Білім саласының тағы 11 қызметкері жемқорлық үшін сотталды

Бүгін – ғылым қызметкерлерінің күні

Жәмила Бақбергенова әлемдік рейтингте көш бастады

Димаш Құдайберген қуанышты жаңалығын жеткізді

Өнер иесінің туындысы Еуропа тыңдарманының көңілінен шыққан.

Қаныш Сәтбаевтың есімін ұмыттыруға кімдер тырысты? Зерттеуші тың деректерді ұсынды