Оқу-ағарту министрлігі суицид оқиғаларынан кейін ата-аналарға нұсаулықтар әзірледі

Екі тілде жазылған жадынамаларды мұғалімдер ата-аналарға таратып жатыр

Мадина Қайнарова

  • 26.09.2024

Алматыда болған жеті суицид оқиғасынан кейін Оқу-ағарту министрлігі ата-аналарға арналған нұсқаулықтар әзірледі. Себебі өз-өзіне қол салғандардың төртеуі - оқушы, екеуі  - студент.

Екі тілде жазылған жадынамаларды мұғалімдер ата-аналарға таратып жатыр.

Онда баланың мінез-құлқындағы қандай өзгерістерге мән беру керек екені және оған қалай көмектесуге болатыны айтылған.

Интернетте өзі туралы жеке деректермен (үйінің мекенжайы, телефон номері, отбасы туралы мәліметтер, геолокация) бөлісуге, Telegram, Вконтакте, TikTok секілді әлеуметтік желілердегі қауіпті топтарға қосылуға болмайды деген секілді түрлі нұсқаулықтар берілген.

Әлеуметтік желідегі қауіпті топтардың тізіміне «Синий кит», «Тихий дом», «Разбуди меня в 4.20», «Млечный путь», «Море китов», U19, F57, «Беги или умри», «Киты плывут вверх», f58, «Рина», «Ня.пока», «50 дней до моего...», «Красный дельфин», «Союз нервных клеток», «Honey moon», «Союз Ян» және тағы да басқалары енгізілген.

Сондай-ақ балаларға оқуға болмайтын әдебиеттердің де тізімі де жарияланып отыр: «Цветы пиона на снегу», «Сплетни и K-POP», «Пока не погаснет последний фонарь», «Единственный конец злодейки – смерть», «Начало после конца», «Хаски и его учитель белый кот», «Магистр дьявольского культа», «Злодейский путь» және т.б.

Қауіпті онлайн-ойындар қатарында Schoolboy runaway және GachaLife аталған.

Ата-аналарға балалардың әлеуметтік желіде жазылған парақшаларын және достарының тізімін бақылап отыру керек.

- Анонимді профильдерге немесе сатанистік таңбалар, белгілер, иероглифтер, иврит және арабтың өрме жазуы, санскрит қаріптері, аниме суреттері және т.б. көрсетілген профильдерге назар аударыңыз, - делінген жадынамада.

Сонымен қатар онда бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдер мен психологиялық қолдау орталықтарының байланыстары берілген.

Фото: zg66.ru

Байланысты жаналықтар

Батыс Қазақстанда прокурордың мәйіті үй жағынан табылды

08.05.2025

Оралда әйел биіктен секірмек болған

28.04.2025

Астанада ер адам көпірден секіріп кетті

18.04.2025

Қостанай облысында екі жасөспірім балалар үйінен қашып кетті

08.04.2025

Абай облысында ер адам өзіне қол салмақ болған

05.04.2025

Алматыда 19 жастағы қыз 9-қабаттан құлап көз жұмды

28.03.2025
MalimBlocks
Батыс Қазақстанда прокурордың мәйіті үй жағынан табылды

Оралда әйел биіктен секірмек болған

Астанада ер адам көпірден секіріп кетті

Қостанай облысында екі жасөспірім балалар үйінен қашып кетті

Қостанай облысы Рудныйдағы "Арнаулы білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау орталығының" екі тәрбиеленушісі, 15 және 17 жастағы жасөспірімдер, 7 сәуірде мекемеден қашып кеткен

Абай облысында ер адам өзіне қол салмақ болған

Абай облысында полицейлердің көпірде жігітті құтқарған сәті видеоға түсіп қалды

Алматыда 19 жастағы қыз 9-қабаттан құлап көз жұмды

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.