Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Биыл Құрбан айт қай күнге түседі

Қоғам
Биыл Құрбан айт қай күнге түседі

Қазақстанда Құрбан айт мерекесі биылғы жылы 6 маусымда басталады. Бұл жөнінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) Шариғат және пәтуа бөлімі мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Ұсынылған күндер Хижри күнтізбесіне және халықаралық астрономиялық есептеулерге сүйене отырып анықталған. 2025 жылғы Құрбан айт 6, 7 және 8 маусым күндеріне сәйкес келеді.

Айттың бірінші күні – 6 маусым бейсенбіге түсіп, елімізде ресми демалыс күні болып есептеледі.

Сонымен қатар пәтуа бөлімінің мамандары ай күнтізбесіне негізделген діни мейрам күндері айдың тууы мен көрінуіне қарай сәл өзгеруі мүмкін екенін ескертті. Яғни, көрсетілген мерзім нақты астрономиялық бақылауларға байланысты бір күнге ілгері не кейін жылжуы ықтимал.

Құрбан айт – мұсылмандар үшін қасиетті әрі маңызды мейрам. Бұл күндері айт намазы оқылып, тұрмысы жеткілікті жандарға құрбандық шалу парыз болып саналады. ҚМДБ ережесіне сай, құрбандықты айт намазынан кейін бастап, үш күн ішінде шалуға болады.

Фото: muftyat.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу