Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бос жатқан 2 млн гектар жер мемлекетке қайтарылды

Құқық
Бос жатқан 2 млн гектар жер мемлекетке қайтарылды
Фото: Үкімет

Ауыл шаруашылығы министрлігі пайдаланылмаған 2 млн гектар жерді мерзімінен бұрын мемлекет меншігіне қайтарды, деп хабарлайды Malim.kz.

Министрлік биыл мақсатына сай пайдаланылмаған немесе заңсыз берілген жерлерді қайтару жөніндегі жоспарды мерзімінен бұрын орындады. 

Жұмыс республикалық, облыстық және аудандық деңгейлерде жүйелі түрде жүргізілген. Жерді қайта бөлу жөніндегі республикалық комиссия және облыстық ведомствоаралық жұмыс топтары құрылып, отырыстар өткізілген.

«Тексеріс 2,2 млн гектар жерді қамтыды: 1,8 млн гектар бойынша 1 286 ұйғарым берілді, 281,4 мың гектар жерге қатысты сот процесі жалғасып жатыр, ал бұрын пайдаланылмаған 464,7 мың гектар жерді жер пайдаланушылар өз бетінше игере бастады. Қайтарылған жерлердің 704,7 мың гектары халыққа берілді: оның ішінде 176,6 мың гектары – қоғамдық жайылымдар, 528,1 мың гектары – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне конкурс арқылы бөлінді», - деп атап өтті АШМ.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу