Бразилияның Гуаиба муниципалитетіндегі Бостандық мүсінінің көшірмесін жел құлатты, деп хабарлайды РИА Новости.
Гуаибадағы Гаван дүкенінің алдында орналасқан Бостандық мүсінінің көшірмесі дауыл кезінде құлады, — делінген ақпаратта.
Аймақта екпіні сағатына 90 шақырымға жететін қатты дауыл тұрған.
Мүсіннің биіктігі тұғырды қосқанда 35 метр болса, құлаған бөлігі — 24 метр. Тұғырынан опырылып түскен ескерткіш қатты зақымданған.
Апаттын ешкім зардап шеккен жоқ, аумақ қоршауға алынды.