Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасында қиын жағдайға тап болған екі әйелді ТЖМ құтқарушылары жағаға эвакуациялады, деп хабарлайды Malim.kz.
112 қызметіне Алтай ауданының Солдат шығанағы маңындағы судағы оқиға туралы хабарлама түскен. Қайықта болған екі әйел өздігінен жағаға жете алмаған.
ТЖД бөлімшелері жеткенге дейін оқиға куәгерлері зардап шеккен ер адамды жағаға шығарып, жедел жәрдем қызметіне тапсырған.
Оқиға орнына жеткен ТЖМ құтқарушылары екі әйелді және шағын көлемді жүзу құралын жағаға эвакуациялады. Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болмаған.