Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бұрқасын, тұман, көктайғақ... Синоптиктер ескертеді

Қоғам
Бұрқасын, тұман, көктайғақ... Синоптиктер ескертеді
pixabay.com

17 желтоқсан күні елордада және Қазақстанның 17 облысы бойынша қолайсыз ауа райына қатысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Malim.kz «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Оралда күндіз қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында таңертең және күндіз көктайғақ болып, тұман түседі. Алматыда күндіз көктайғақ, тұман күтіледі. Қонаевта таңертең және күндіз көктайғақ болып, тұман басады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында қар, кей уақытта қатты қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Сонымен қатар кей уақытта тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с дейін барады. Таразда кей уақытта тұман басып, көктайғақ күтіледі.

Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман түседі.

Маңғыстау облысының солтүстігін және орталығын тұман басады. Облыстың солтүстік-шығысында көктайғақ сақталады.

Ақмола облысында түнде қар жауып, бұрқасын болады, сондай-ақ күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде қар, бұрқасын күтіледі. Жолдар көктайғақ болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Көкшетауда түнде қар, бұрқасын күтіледі. Жолдарда көктайғақ күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-18 м/с дейін жетуі мүмкін.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында түнде қар жауып, жаяу бұрқасын болады, сонымен қоса күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с дейін жетеді. Семейде түнде және таңертең қар жауып, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында түнде қар борап, жаяу бұрқасын болады, күндіз қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақытта қатты қар жаууы мүмкін. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с дейін жетеді. Өскеменде қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында түнде қар борап, жаяу бұрқасын болады. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында, таулы аудандарында түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Талдықорғанда түнде және таңертең кей уақытта тұман түседі.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында түнде аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында аздаған қар түсіп, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігін тұман басады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында түнде қар жауып, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с дейін барады.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында түнде аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында түнде қар борап, жаяу бұрқасын болады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал. Қарағандыда түнде қар жауып, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Түркістан облысының таулы аудандарда күннің соңына қарай қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың тау асуларында 15-20 м/с дейін жетеді. Шымкентті кей уақытта тұман басуы мүмкін. Түркістанда кей уақытта тұман күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында тұман түседі. Қызылордада кей уақытта тұман басуы ықтимал.

Астанада кей уақытта қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Сондай-ақ жолдарда көктайғақ күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады. Түнде және таңертең екпіні 15-18 м/с дейін жетеді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу