Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

БҰҰ Ресейге қарсы резолюция қабылдады. Қазақстан қалыс қалды

Саясат
БҰҰ Ресейге қарсы резолюция қабылдады. Қазақстан қалыс қалды

Резолюцияны 141 ел қолдаса, 5 ел қарсы болды, 35 ел қалыс қалды. Қалыс қалғандар қатарын Қазақстан да бар.

Қарсы болғандар – Ресей, Беларусь, Солтүстік Корея, Сирия және Эритерия.

Қазақстаннан бөлек Қырғызстан, Тәжікстан, Армения да қалыс қалды. Әзербайжан, Түркіменстан, Өзбекстан делегациясы дауыс бермеді.

Ресей президенті Владимир Путин Украинаға тиесілі «сепаратистік» мемлекеттердің тәуелсіздігін мойындап, кейін оларға қауіп төніп тұр деген желеумен Украина қалаларын бомбалап, әскери «іс-қимылдар» бастаған. Бұл әрекетті ресми Киевпен әлемнің көптеген елдері «соғыс» деп атады. Қарулы қақтығыстар әлі де жалғасып жатыр. Әзірге Қазақстан билігі бұл жағдайға қатысты түсінікті мәлімдеме жасаған жоқ.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу