Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

БЖЗҚ зейнетақы жинағының ең төменгі жеткіліктілік шегін 10 пайыз көтерді

Қоғам
БЖЗҚ зейнетақы жинағының ең төменгі жеткіліктілік шегін 10 пайыз көтерді
Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жинақтарының 2026 жылға арналған ең төменгі жеткіліктілік шегін жариялады,деп хабарлайды Malim.kz kazinform.kz сайтына сілтеп. 

Зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегі ағымдағы және болжамды әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге, ең төменгі зейнетақы мөлшеріне, ең төменгі жалақыға, ең төменгі күнкөріс деңгейіне, сондай-ақ инфляция мен инвестициялық кірістілікке сүйене отырып есептеледі, — деп жазады БЖЗҚ ресми сайты.

ТЖШ есептеу кезінде 2026 жылға арналған мына әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер пайдаланылған:

1. ең төменгі жалақы мөлшері — 85 000 теңге;
2. зейнетақының ең төменгі мөлшері — 69 049 теңге;
3. ең төменгі күнкөріс деңгейі — 50 851 теңге.

— Осылайша 2026 жылы ТЖШ мөлшері орта есеппен 10% өсті. Бұл жалпы инфляцияның ағымдағы және болжамды мәндеріне сәйкес келеді, — делінген ресми мәліметте.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу