921 млн теңге бөлінген екі кино прокатқа шыққан жоқ

2019-2021 жылдары «Выбор» кинофильміне 500 млн теңге бөлінген

Malim Админ

  • 08.10.2024

Алматы қаласы прокуратурасының қадағалау актісі бойынша Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары жауаптылыққа тартылды. Бұл туралы Алматы қаласының прокуратурасы мәлімдеді.


Алматы қаласының прокуратурасы 2019-2023 жылдарға ұлттық киноны қолдауға бөлінген бюджет қаражатын игеруге қатысты тексеру жүргізді.

Ұлттық фильмдердi қаржыландырудың дұрыс жүргізілмегені анықталды.  

«Мысалы, 2019-2021 жылдар кезеңінде «Выбор» кинофильмі оны түсірудің барлық кезеңінде 500 млн теңге сомасына толық көлемде қаржыландырылды. Алайда мемлекет толықтай қолдағанына қарамастан, аталған фильм прокатқа сол күйі шықпады. Ал „Кинематография туралы“  заңның 12-бабы 1-тармағына сәйкес мемлекеттік қаржылық қолдау, ұлттық фильмдерді және соған байланысты іс-шараларды шығаруды, прокаттауды және көрсетуді ұйымдастыру, сондай-ақ ұлттық фильмдерді шетелде көрсету үшін ұсынылады», - деп хабарлады прокуратурадан.

Оның үстіне, аталған фильмге прокаттау куәлігі алынбаған, бұл Заңның 14-бабы 1-тармағына қайшы келеді (ұлттық деп танылған фильмге ұлттық фильмнің куәлігі беріледі.

Осылайша мемлекет, заңнамада көзделген прокаттан және фильм көрсетілімінен түсетін кірістің 20%-ын алу мүмкіндігінен айырылған.

Тағы бір ұқсас жәйт, 421 млн теңге сомаға қаржыландырылған «Тырналар» фильмі прокатқа шыққан жоқ.

2019 жылдан бастап фильмдер мониторингінің бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесі қолданысқа енгізілмеген, ол елдің барлық кинотеатрларында кинокөрсетілімдер мен сатылған билеттер бойынша, сондай-ақ фильмнің бюджеті бойынша статистиканы қадағалауға мүмкіндік берер еді.

«Киножобаларға объективті іріктеу жүргізілмейтін Сараптамалық Кеңестің жұмысы жекелеген наразылықтарды тудырып отыр, оның үстіне кинокомпаниялардың продюсерлері, режиссерлері, актерлері, құрылтайшылары бір уақытта Сараптамалық Кеңестің мүшелері болып, нәтижесінде жоба қаржыландырылған, бұл ҚР Үкіметінің 15.03.2019 жылғы № 113 Қаулысына қайшы келеді», — делінген хабарламада.

Көрсетілетін орасан зор мемлекеттік қаржылық қолдауға қарамастан, күтілетін мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізілмегеніне тексеру нәтижелері дәлел.

Қала прокуратурасының қадағалау актісі бойынша ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары, сондай-ақ «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасының орынбасары тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Фото: Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы 

Байланысты жаналықтар

Режиссер Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізілмейді - Антикор

18.05.2025

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

13.05.2025

Ақмола облысында он күн бұрын жоғалған 6 жастағы баланың мәйіті табылды

11.05.2025

Банк қызметкерлерінің үстінен алаяқтықпен байланысты 61 іс тергеліп жатыр

10.05.2025

Алматы тауларында студент қыз көз жұмды

08.05.2025

Колледждерге берілетін қаржы екі есе артады

06.05.2025
MalimBlocks
Режиссер Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізілмейді - Антикор

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

Ақмола облысында он күн бұрын жоғалған 6 жастағы баланың мәйіті табылды

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды

Банк қызметкерлерінің үстінен алаяқтықпен байланысты 61 іс тергеліп жатыр

Клиентке биометриялық сəйкестендіру жəне ЭЦҚ құралдары бір мезгілде қолданылған кезде ғана шарт жасасуға рұқсат етіледі

Алматы тауларында студент қыз көз жұмды

Қазір полиция тергеу жүргізіп жатыр

Колледждерге берілетін қаржы екі есе артады