Амандық Баталов: Маған демагог керек емес

Бағашар Тұрсынбайұлы

  • 19.02.2020

Бүгін Қарағанды, Алматы, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Атырау облыстарының әкімдері халыққа есеп берді. Әр өңірдің мәселесі шаш етектен. Осы есептік кездесулердің ішіндегі «ерекшесі» Баталовтың есеп беруі болды. Алматы облысының әкімі есеп беру жиынында бір тұрғынның шағымынан соң Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Асхат Қалиасқаровты жұмысынан шығарып жіберді.

21 жылдан бері анасынан қалған пәтерді рәсімдей алмай жүрген Талдықорған қаласының тұрғыны Ләззат Құдайберген күзде облыс әкіміне жолыққанда, қала әкімі Асхан Қалиасқаровқа осы мәселе тапсырылыпты. «Бірақ осы уақытқа дейін ешқандай мәселем шешілген жоқ. Мен жалғызбасты, көпбалалы анамын. Қайда барамын енді, білмеймін», - деген Ләззат Құдайберген.

Осы сөзді есептік кездесу біткен соң әкімге айтқан Ләззат Құдайбергеннен Баталов: «Мәселе не үшін шешілмей жүр?» деп сұрады. Сөйтсе қала тұрғыны Асхат Қалиасқаровқа кіргенде: «Амандық Баталовқа кірсеңіз болды, мәселе шешіледі деп ойлайсыз ба? Пәленбай миллион халық бар, бәріне көмектесе берсем нем қалады, ақшаңды шығар да өзің жаса» деген жауап алған.

Егер көп балалы ананың ақшасы болса, көмек сұрамай-ақ өзі баяғды-ақ жасатып алар еді. Оны түсінген шенді жоқ. Ал Алматы облысының әкімі шынымен осы уқаытқа дейін мәселенің шешілмей жүргеніне ашуланды ма, я «Амандық Баталовқа кірсеңіз болды, мәселе шешіледі деп ойлайсыз ба?» деген сөзге ашуланды ма белгісіз. Әйтеуір қала әкімі Ғалымжан Әбдірайымовқа: «Мен кеше байқағанмын. Халық маған келгенде, ол жөнді жауап та бере алған жоқ. Мұндай адамды «демагог» деп атайды. Демагог керек емес. Арызын жазсын. Содан кейін мына кісінің мәселесін шешіп беріңдер», - деп тапсырма берді.

Асхат Қалиасқаровтың жұмыстан кетуіне байланысты облыс әкімдігі: «Мемлекеттік қызметтің абыройын түсіріп, тұрғындардың арыз-шағымдарына өз деңгейінде жауап бермегені үшін Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Асхат Қалиасқаровты жұмыстан шығаруға облыс әкімі тарапынан бұйрық берілді» деп түсінік берген.

Коллаж: Malim.kz

Байланысты жаналықтар

Алматы облысында жер сілкінді

01.05.2025

Қатарластарын соққыға жыққан оқушының ата-анасына 39 мың теңге айыппұл салынады

29.04.2025

Тоқаев Алматы облысының әкімін қабылдады

28.04.2025

Ақтауда тұрғындар жақында салынған спорт алаңының сапасына шағымданды

25.04.2025

«Лайк баспағаны үшін сөгіс алды»: әкімдік пікір білдірді

17.04.2025

Киберполиция "мемлекеттік грант алып беремін" деп алдаған алаяқты ұстады

14.04.2025
MalimBlocks
Алматы облысында жер сілкінді

Қатарластарын соққыға жыққан оқушының ата-анасына 39 мың теңге айыппұл салынады

Оқиғаны видеоға түсірген жасөспірімнің де заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Тоқаев Алматы облысының әкімін қабылдады

Ақтауда тұрғындар жақында салынған спорт алаңының сапасына шағымданды

«Лайк баспағаны үшін сөгіс алды»: әкімдік пікір білдірді

Жастар ресурс орталығы қызметкерлері әлеуметтік желіде басшылықтың әрекетіне шағымданды

Киберполиция "мемлекеттік грант алып беремін" деп алдаған алаяқты ұстады