Әшімбаевтың сенатқа келуі нені білдіреді?

Malim Админ

  • 04.05.2020

Мемлекет басшысының жарлығымен Мәулен Әшімбаев Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

- Мемлекет басшысының жарлығымен Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметінен босатылды, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, президент жарлығымен Сенат депутаты болып тағайындалды. Енді сенат отырысы өтіп, төраға сайлауы ғана қалды.

Әшімбаев - екі президентке де ыңғайлы адам. Осыдан төрт ай бұрын ғана Тоқаев көмекшілігінен Президент Әкімшілігіне барғанда екінші президенттің жанында болып, біраз жұмысына ықпал етеді деп ойлаған еді сарапшылар. Бірақ "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасарлығынан кеткеннен кейін Мәулен Сағатханұлының бір  орында тұрақтауы қиындап барады. Айтпақшы, Әшімбаев билік партиясынан кеткен сәтте Н.Назарбаев "Нұр-Отан" партиясының жұмысы қожырап қалғанын айтып, жаңа орынбасары Б.Байбекке партия беделін көтеруге тапсырма да берген болатын. Сол кездері М.Әшімбаевтың лауазымды қызметтегі жүрісі осымен бітті деген сөздер де шықты. Ал енді, бүгін оның Сенатқа келуі Әшімбаевтың спикер болуы мүмкін екенін білдіре ме?

Мәулен Әшімбаев 1971 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әкесі - белгілі әдебиет сыншысы, қоғам қайраткері марқұм Сағат Әшімбаев. Анасы - жазушы Шәрбану Бейсенова.

1993 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.

2016 жылы Тафтса университетін, Флетчер атындағы құқық және дипломатия мектебін (АҚШ) аяқтаған. Саяси ғылымдардың кандидаты. Халықаралық қатынастар магистрі.

Университетті бітіргеннен соң 1993-1994 жылдары Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігінің жүйесінде жұмыс істеді.

1994-1995 жылдары – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңес депутатының көмекшісі.

1995 жылғы маусым - қараша аралығында – Қауіпсіздік кеңесі аппаратының консультанты.

1995-1999 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Сараптау және стратегиялық зерттеулер орталығының бас сарапшысы, сектор меңгерушісі, осы орталық жетекшісінің бірінші орынбасары.

1999-2000 жылдары – Қауіпсіздік кеңесі Сараптау орталығының меңгерушісі. 2000-2002 жылдары – Қауіпсіздік кеңесі Сараптау орталығының меңгерушісі – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры.

2002-2005 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры.

2005-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары.

2006-2011 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары.

2012-2018 жылдары – V, VI сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрғағасы.

2018-2019 жылдары – «Nur Otan» партиясы төрағасының Бірінші орынбасары.

2019 жылдың шілде-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.

2019 жылдың 18 желтоқсаннан бері Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының Бірінші орынбасары болып қызмет атқарған.

Байланысты жаналықтар

Euronews қазақ балеті туралы арнайы репортаж жасады

20.02.2025

Димаш халықаралық беделді сыйлықты қалай алды?

18.02.2025

"Боран" қандай фильм?

18.02.2025

"Есімдер": "Астана Балет" театры бірегей жоба өткізді

18.02.2025

Анам айтқан жалған сөздер

14.02.2025

Ғазиза Құдайбергенқызы - Алматыдағы ҚР Ұлттық академиялық кітапхананың директоры

14.02.2025
MalimBlocks
Euronews қазақ балеті туралы арнайы репортаж жасады

Димаш халықаралық беделді сыйлықты қалай алды?

Әйгілі Rolling Stone журналы мақала жариялады

"Боран" қандай фильм?

"Есімдер": "Астана Балет" театры бірегей жоба өткізді

Анам айтқан жалған сөздер

Құлыным жей ғой, менің қарным ашқан жоқ» дейтін. Бұл оның үнемі айтатын жалған сөзі еді.

Ғазиза Құдайбергенқызы - Алматыдағы ҚР Ұлттық академиялық кітапхананың директоры