Бүгін елімізде – Әкелер күні!
Қазақстан халқы бұл күнді екінші рет атап өтіп жатыр
Былтыр 2 маусымда Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі «Аналар күні» және «Әкелер күні» мерекелерімен толыққан еді. «Қазақстанда мерекелік күндер күнтізбесін бекіту туралы» қаулыға толықтыру енгізіліп, құжатқа үкімет басшысы Ә.Смайылов қол қойған болатын. Қаулыға сәйкес, Аналар күні – мамырдың екінші жексенбісінде, Әкелер күні – маусымның үшінші жексенбісінде аталып өтетін болды.
Жалпы, «Аналар күні» мен «Әкелер күнін» мерекелеу әлемнің көптеген елінде отбасылық құндылықтарды насихаттау, отбасы және ата-ана институтын нығайту мақсатында қалыптасқан.
Елімізде 2012 жылы құрылған «Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігі жұмыс істейді, 12 өңірде филиалын ашқан. Жауапты, саналы және позитивті ата-аналарды қалыптастыруға, оларға қолдау көрсетуге арналған мыңнан астам жоба іске асырылған. Бүгінде ұйым қатарында мың Әке бар.
Фото: smartnews.kz