Disney-дің «Ойжұмбақ 2», «Моана 2» және «Муфаса: Арыстан патша» фильмдері қазақ тілінде шығады

Malim Админ

  • 05.03.2024

2024 жылы Қазақстан кинотеатрларына Disney-дің үш фильмі қазақ тілінде жарық көреді, деп хабарлайды «Меломан» компаниясы.  Оның ішінде Disney мен Pixar-дың «Ойжұмбақ 2», Disney-дің шытырман оқиғалы «Моана 2» және Disney-дің «Муфаса: Арыстан патша» көркем фильмі де бар.
«Disney компаниясында контенттің дубляжы мен локализациясы жұмыстың ажырамас бөлігі. Дәл осы себеппен Disney Character Voices International командасы әр фильмнің әр тілдегі 30-ға жуық нұсқасын жасайды. Сол әр нұсқамен дарынды, шығармашылық кеңесшілер және техникалық мамандар жұмыс істейді. Олар кейіпкерлердің бірегейлілігін сақтайды, түрлі елде оны «таныс» әрі түсінікті етеді. Осындай танымал мультфильмдердің кейіпкерлері Қазақстан көрермендерімен ана тілінде сөйлесетіні біз үшін аса маңызды әрі құнды», – дейді Орталық, Шығыс Еуропа, ТМД, Грузия, Монғолия елдеріндегі Disney компаниясының бас директоры Кахабер Абашидзе.

Байланысты жаналықтар

Disney туындылары қазақ тілінде көрсетіледі

10.05.2024
MalimBlocks
Disney туындылары қазақ тілінде көрсетіледі

Ұсынылған фильмдердің қазақ тіліндегі дубляжы қазақстандық Movie Dalen студиясында жасалды.