Мақпал – ішкі еркіндік пен сана бостандығына шын көтерілген адам – журналист

Әншіні сөккендер де, оған қолдау көрсетіп жатқандар да жетерлік

Сабина Асқарқызы

  • 10.09.2024

ҚР халық әртісі Мақпал Жүнісова желіде тараған соңғы видеосы қоғамда қызу талқынды. Әншіні сөккендер де, оған қолдау көрсетіп жатқандар да жетерлік, деп хабарлайды Malim.kz.

Мысалы, ақын әрі журналист Ықылас Ожайұлы Мақпал Жүнісовадан қайраткер, я ибалы нәзік әйел бейнесін көргісі келетін адам оңбай қателесетінін жазған.

Ол бар болғаны кісі кейпіне ұласқан әннің өзі ғана. Оның түйеден түскендей сөйлей салатын, басы бар да аяғы жоқ орашолақ ойы – ескен желдей ерке әншінің ақжелең көңілі мен ішкі табиғатының нышаны. Мақпал – ішкі еркіндік пен сана бостандығына шын көтерілген адам. Оның тік шапшыған байтақ дауысы мен әр нотаны сорғалатқан нәзік дірілі сопының хал ішіндегі бейне бір дәргейі дерсің. Сол үшін де Мақпалды қазаққа бере салған Құдайға мың мадағымды жаудырамын..., -деп жазған ақын.

Ал баспагер Арман Әлменбет Мақпал Жүнісовамен былтыр бірінші рет сапарлас болдым. Өмірімде көрген ең энергиясы көп адамдардың бірі. Сұмдық енді. Сахнада тіпті жанданады. Сахнадан тыс уақытта әңгіме айтса да анау-мынау стендап комигіңді далада қалдырады деп отыр.

 

Құдай күш-қуатты аямай берген адам екен.Кешеден бері о кісі өйтті-бүйтті деп бәрі жазып жатыр ғой. Біреулер табалап жатыр, біреулер еркелігін көтерейік дейді.Табалайтындарға айтар сөзім жоқ. Еркелік дейтіндерге бір ауыз айтқым келеді. Бұ кісінікі еркелік емес қой. Төрт құбыласы тең бола тұра ойына келгенін істеп, полицияның қолына түсіп жүрген біз қатарлы жігіттердікі де еркелік,  60 жасқа келіп қамыққан әйел адамның сыртқа шыққан күйзелісі де еркелік пе? Менің ойымша екеуі де еркелік емес. Біріншілердікі құқық бұзу, оларды полиция ұстап, қамап, сот соттауы керек. Ал мына кісінікі қамығу, жалғызсырау, күйзелу. Бүгін бірнәрсе айтса, етеңіне өкініп, бәрін өшіреді. Сол сәтті пайдаланып бәрі әлгі видеоны жазып алып, сүйінші сұрағандай таратады. Басыма келеді деп қорықпай ма екен сол адамдар?Бәріңіздің әке-шешелеріңіз бар шығар, ол кісілер де жыл өткен сайын бала боп бара жатқан жоқ па? О кісілерді де алдап-сулап көндіріп, баланы қорығандай қорып жүрген шығарсыздар? Бұ кісінің айналасында қой дейтін адам болмай қалған шығар, өзінің тағдыры ғой.Мақпал сахнада халыққа керемет еркелейтін адам. Онысы енді еркелік. Ал мынау көрсек те көрмей өтіп кетуіміз керек жағдай ғой, - дейді Арман Әлменбет.

Байланысты жаналықтар

Мақпал Жүнісова Бүркіттің әйеліне қымбат сыйлық тарту етті

31.03.2025

Мақпал Жүнісова халықтан кешірім сұрады

28.03.2025

Қыдырәлі Болманов марқұм Заманбек Нұрқаділовтің жақсылығын еске алды

06.03.2025

Димаш Құдайбергеннің әжесі Мақпал Жүнісоваға қымбат сыйлық жасады

03.03.2025

Мақпал Жүнісованың қызы орысша сөйлеймін деп сынға ұшырады

17.02.2025

«Оттегімен демалды»: Роза Әлқожа немересін перзентханадан шығармай қойғанын айтты

23.01.2025
MalimBlocks
Мақпал Жүнісова Бүркіттің әйеліне қымбат сыйлық тарту етті

Әнші әріптестерінің үйіне қонаққа барған.

Мақпал Жүнісова халықтан кешірім сұрады

Әнші: Бұл жалған дүниеде бәріміз қонақпыз ғой, бәріміз пендеміз

Қыдырәлі Болманов марқұм Заманбек Нұрқаділовтің жақсылығын еске алды

Өнер иесі: Әппақ ниетін ешқашан ұмытпаймын

Димаш Құдайбергеннің әжесі Мақпал Жүнісоваға қымбат сыйлық жасады

Өнер иесі көпшілікпен қуанышын бөлісті

Мақпал Жүнісованың қызы орысша сөйлеймін деп сынға ұшырады

Өнер иесінің қызы көбіне орысша сөйлейді екен.

«Оттегімен демалды»: Роза Әлқожа немересін перзентханадан шығармай қойғанын айтты

Әншінің айтуынша, нәресте мерзімінен бұрын дүниеге келген