Мақпал Жүнісова Нұрғиса Тілендиевтің сүйемелдеуімен ән айтқан сәтінен сурет жариялады

Мақпал Жүнісова ол кезде 7-сыныпта оқиды екен

Сабина Асқарқызы

  • 17.05.2024

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында аңыз композитор Нұрғиса Тілендиевпен түскен суретін жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Жеке мұрағаттан алынған суреттен жас әншінің Нұрғиса Тілендиевтің сүйемелдеуімен ән шырқап тұрғанын көруге болады. Жүнісованың сөзіне қарағанда, бұл сурет ол 7-сыныпта оқып жүргенде түсірілген.

Ұлы композитор Нұрғиса Тілендиевтің сүйемелдеуімен ән айтып тұрған сәт. Жетінші сынып оқушысы Мақпал Жүнісова, - деп жазды өнер иесі.

Нұрғиса Тілендиев – Қазақстанның (1975) және КСРО (1984) халық әртісі, Халық қаһарманы (1998). Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан. 1952-61 жылдары Қазақ академиялық опера және балет театрының дирижері, 1960-64 жылдары Қазақ академиялық халық аспаптары оркестрінің бас дирижері болып қызмет атқарды.

Н.Тілендиев Қазақ академиялық фольклорлық-этнографиялық халық музыкалық аспаптары «Отырар сазы» оркестрін Қазақ филармониясы жанынан 1980 жылы ұйымдастырды.

Фото: instagram/zhunusova.makpal

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Майра Ілиясованы 70 жас мерейтойымен құттықтады

02.05.2025

Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегерлері анықталды

29.04.2025

Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі қабірхана есігі көпшілікке қайта қойылды

24.04.2025

Журналист Серғазы Мұхтарбек өмірден өтті

24.04.2025

Елордада Astana Eurasian Book Fair халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі басталды

23.04.2025

Дархан Мыңбай: Сурет өнерінің де тарихы бар

17.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев Майра Ілиясованы 70 жас мерейтойымен құттықтады

Министр Аида Балаева Халық әртісі Майра Ілиясоваға Мемлекет басшысының арнайы құттықтауын жеткізді

Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегерлері анықталды

"Алаш" халықаралық әдеби сыйлығы Қазақстан Жазушылар одағы басқарамасы Секретариатының шешімімен жыл сайын табысталатын марапат

Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі қабірхана есігі көпшілікке қайта қойылды

Журналист Серғазы Мұхтарбек өмірден өтті

Ол республикалық "Қазақстан" газетінің бас редакторы болған

Елордада Astana Eurasian Book Fair халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі басталды

Дархан Мыңбай: Сурет өнерінің де тарихы бар

Еліміздің 100 суретшісінің танымал еңбектерін арнайы шығарып, барлық мектептерге тарату қолға алынса құба құп