Қазақстанда қанша қытай бары белгілі болды
Қазақстанға көбіне Қытай мен Түркиядан еңбек мигранттары келеді екен. Бұл туралы Мalim.kz Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Жергілікті билік органдарының рұқсатымен Қазақстан аумағында 14 мың 794 шетелдік еңбек етіп жатыр. Бұл биылғы жылдың 1 сәуір бойынша жасалған есеп. Шетелдіктер түрлі категорияға бөлінеді екен. Мысалы 648 шетелдік еліміздегі компанияларда басшы және орынбасарлық қызметте. 3 240 адам құрылымдық бөлім жетекшілері. Арнайы мамандар саны 7 397 болса, 491-і білікті жұмысшылар.
Сондай-ақ, маусымдық жұмысқа 1329 шетелдік тартылса, корпоративтік ауысу бойынша 1689 өзге елдің жұмысшысы Қазақстанға келген.
Бүгінгі күні Қазақстанда шетелдіктерге жұмыс берген компаниялар саны 1 641. Ол жерде 489 мың қазақстандық азамат еңбек етеді. Яғни жұмысшылардың 97% өз отандастарымыз.
Қазақстанға көбіне еңбек мигранттары Қытайдан, (3 617 адам) Түркиядан, (1490 адам) Үндістан, (1098 адам) Ұлыбритания, (947 адам) және Өзбекстаннан (1 369) келеді.
Ішкі еңбек нарығын қорғау үшін жыл сайын шетелдік еңбек мигранттарына квота жарияланады. Биылғы 2021 жылғы квота 0,31%. Яғни тек 29,3 мың шетелдікке ғана бізде жұмыс істей алады.
Фото: republic.ru