ҚҰУ-де  Н.Иманғалиұлы атындағы оқу-шығармашылық зертхана ашылды

  • 27.12.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде белгілі журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері Нұртілеу Иманғалиұлы атындағы оқу-шығармашылық зертхана  ашылды.

Арнайы аудиторияның ашылу салтанатына Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев, Нұрғали Иманғалиұлының отбасы мүшелері, сондай-ақ мемлекеттік және коммерциялық БАҚ өкілдері қатысты.

«Бүгін Нұртілеу Иманғалиұлының құрметіне арналған кезекті іс-шараның куәсі болып отырмыз. Бұл – зиялы азаматқа деген қоғамның үлкен құрметін көрсетеді», - деді А.Балаева.

Айта кетейік, бұған дейін Н.Иманғалиұлы атындағы журналистика факультетінің студенттеріне арналған арнайы білім беру степендиясы тағайындалса, Парламент Сенаты «Аманат» байқауы аясында арнайы премия тағайындады, сондай-ақ телевизия ардагерлері арасында волейболдан турнир ұйымдастырылды.

Н.Иманғалиұлы туралы Министр А.Балаева өз сөзінде: «Қазақ телевизиясы саласында өзіндік мектеп қалыптастыра білді. Өзіне қарап бой түзеген жас журналистер қатарынан қаншама буын шәкірт тәрбиеледі. Өмірінің соңғы айларына дейін, ауру жанына батып жүрсе де, журналистикадан кеткен жоқ. Түрлі хабарларға шығып, ой-пікірін білдіріп жүрді. Өз кәсібіне деген адалдық, журналистикаға деген құрмет осылай көрінеді», — деді.

Әріптестері мен жақындары Нұртілеу Иманғалиұлын жылы естеліктермен еске алып, оның бүкіл жасампаз өмірін тележурналистердің дамуына арнағанын, жастар редакциясынан «Қазақстан «РТРК» АҚ Басқарма төрағасына дейінгі үлкен еңбек жолын жүріп өткенін атап өтті.

Еңбек жолында бірқатар үкіметтік наградаларды, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағына ие болып, «Парасат» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталған болатын.

 

Байланысты жаналықтар

Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегерлері анықталды

29.04.2025

Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі қабірхана есігі көпшілікке қайта қойылды

24.04.2025

Журналист Серғазы Мұхтарбек өмірден өтті

24.04.2025

Елордада Astana Eurasian Book Fair халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі басталды

23.04.2025

Дархан Мыңбай: Сурет өнерінің де тарихы бар

17.04.2025

Медиафорум: Орталық Азия елдерінің бірлескен телеарнасы құрылады

16.04.2025
MalimBlocks
Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегерлері анықталды

"Алаш" халықаралық әдеби сыйлығы Қазақстан Жазушылар одағы басқарамасы Секретариатының шешімімен жыл сайын табысталатын марапат

Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі қабірхана есігі көпшілікке қайта қойылды

Журналист Серғазы Мұхтарбек өмірден өтті

Ол республикалық "Қазақстан" газетінің бас редакторы болған

Елордада Astana Eurasian Book Fair халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі басталды

Дархан Мыңбай: Сурет өнерінің де тарихы бар

Еліміздің 100 суретшісінің танымал еңбектерін арнайы шығарып, барлық мектептерге тарату қолға алынса құба құп

Медиафорум: Орталық Азия елдерінің бірлескен телеарнасы құрылады

Форум «Жаһандық өзгерістер дәуіріндегі Орталық Азия. Стратегиялық даму құралы ретіндегі медиа» деп аталады