Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Даниал Ахметов vs кәсіпкерлер: арыз қайтып алынды

Саясат
Даниал Ахметов vs кәсіпкерлер: арыз қайтып алынды

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов бизнесмендердің үстінен сотқа арыз түсіргенін жоққа шығарды.

–Әкім мен әкімшілік бірде бір бизнесменге қарсы сот ісін жүргізіп жатқан жоқ. Бізде «Ар-бедел» деген компаниямен келісім бар, барлық жауаптарды осы компания беріп тұрады, – деп айтты Ахметов брифинг кезінде. 

Алайда сот кабинетінде арыз облыс әкімінің аппараты және әкімнің өзінен түскені көрсетілген. Сонымен қатар, 9 қараша күні талапкердің өкілі Қамалова арызды қайтып алған, яғни іс сотта қаралмайды. Естеріңізге салсақ, Шығыс Қазақстан облысы әкімі ар-намысын, абыройын және іскерлік беделін қорғау үшін кәсіпкерлер үстінен сотқа екі талап арыз түсіргені жайлы хабарлаған болатынбыз.  Талапкер татуласу рәсімінен бас тартып, алдын ала тыңдау 18 қарашаға белгіленген болатын.

Фото Турар Казангапов©

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу