Дәния Еспаева «Ақ жол» партиясының жаңа төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды Malim.kz.
Осылайша, ол Қазақстандағы жұмыс істеп тұрған саяси партиялардың арасындағы жалғыз әйел көшбасшы атанды.
Еске салайық, Дәния Еспаева 2019 жылы Қазақстан тарихында президенттікке кандидат ретінде тіркелген алғашқы әйел болған. Ол сол жылы өткен кезектен тыс президент сайлауына қатысып, елдегі саяси науқанда маңызды тарихи оқиғаға айналған еді.
Бұған дейін партия төрағасы қызметін 2011 жылдан бері атқарып келген Азат Перуашев съезде өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдағанын мәлімдеген болатын.