Парламент Мәжілісінің қарауына «ҚР Қылмыстық кодексіне және ҚР Қылмыстық-процестік кодексіне толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы келіп түсті, деп хабарлайды Malim.kz.
Бұл маңызды заң жобасы дәрігерлер мен медицина қызметкерлерін қорғау үшін әзірленді. Онда медицина өкілдеріне қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны айтарлықтай қатаңдату жөніндегі нақты нормаларды ұсындық. Соңғы жылдары мұндай жағдайлар көбейіп барады. Бір дәрігер жұмыс орнында соққыға жығылса, тағы бірі жедел жәрдем шақырған үйден қорлық көрді. Осындай көріністерге жол беруге болмайды, — деді депутат Асхат Аймағамбетов Мәжілістің жалпы отырысында.
Осы орайда ол Мемлекет басшысы бұл мәселені бірнеше рет көтеріп, тисті тапсырма бердігенін еске салды.
Осы жазда да Президент депутаттардың бастамасын қолдап, Үкіметке нақты тапсырма берген еді. Сондықтан Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті осы заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеуге дайын, — деді депутат.