Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Дәрігерге барамыз" деп кетіп, жер жұтқандай жоғалған отбасы жайлы тың дерек шықты

Қоғам
"Дәрігерге барамыз" деп кетіп, жер жұтқандай жоғалған отбасы жайлы тың дерек шықты
ашық дереккөзден

Атырау облысының Жангелді ауылында бір әулеттің төрт мүшесі із-түссіз жоғалып, елді алаңдатып отыр. Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға биылғы қазан айында тіркелген. Ең әуелі жасы 30-дан асқан ұлдарының "Ақтауға жұмысқа кеттім" деген сөзінен кейін байланыссыз кеткені анықталған. Арада уақыт өткен соң, сол айда бүкіл отбасы "дәрігерге көрінеміз" деп үйден шығып, содан бері олардан еш хабар болмаған.

Журналистің айтуынша, жоғалған отбасының қай бағытқа бет алғаны, жолай тоқтаған орындары немесе оларды көрген куәгерлер мүлде жоқ. Отбасы мүшелерінің такси, пойыз не ұшақпен жүргені тіркелмеген, жаяу жүргенін көргендер де табылмаған.

Жағдайды одан сайын күрделендіріп отырған жайт – отбасы мүшелерінің бірі, қызы Мирагүлдің үшінші топтағы мүгедек екені. Сонымен қатар олардың жеке құжаттары мен ЖСН-дері ешбір ресми дерекқордан анықталмаған.

Гүлмира Әбіқай бұл іске тек полиция ғана емес, ұлттық қауіпсіздік органдары да назар аударуы тиіс деп есептейді. Оның сөзінше, бұған дейін осы өңірден Сирияға кеткен адамдар болған, мұндай жағдайларда алдымен бір адам кетіп, кейін отбасы мүшелерін шақырып алатын оқиғалар кездескен.

"Бүкіл отбасының жоғалғаны жөнінде полицияға қараша айының басында арыз түскен. Алайда екі ай өтсе де, нақты нәтиже жоқ. Егер жер жұтып қоймаса, оларды көрген немесе білген бір адам табылар еді", – деп жазды журналист.

Қазір отбасының нақты қайда екені белгісіз. Бұл жағдай ауыл тұрғындары мен қоғамдастық арасында үлкен алаңдаушылық тудырып отыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу